America's Got Talent: Данелья финалға өтіп, фаворит атанды

America's Got Talent 15-маусымының финалы 22 қыркүйек күні NBC арнасында тікелей эфирде өтеді.

Данэлья Тулешова America's Got Talent шоуының финалына өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Данэлияның PR-директоры Татьяна Синенконың айтуынша, жерлесіміз күндіз АҚШ-та өткен көрермендер дауысының нәтижелері бойынша фавориттер қатарына енді және танымал әлемдік шоудың финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Финалға өту үшін дауыс беруге қатысқан үш қатысушы арасында Данэлия да болды, сонымен қатар "Golden buzzer-дің" екі иегері болды (қазылар алқасының автоматты түрде жартылай финалға өткізген қатысушылары), бірақ көрермендер біздің қызды қолдады.

America's Got Talent 15-маусымының финалы 22 қыркүйек күні NBC арнасында тікелей эфирде өтеді.

"Осы уақыт аралығында қолдап-қолпаштап, менімен болғандарыңыз үшін барлығығызға рахмет. Алдағы апта шешуші болады, көп еңбектену керек және мен бар күшімді саламын", - деді Данэлья.

Әзірде әншінің финалда орындайтын композициясы әлі анықталған жоқ.

Жартылай финалда Данелья Jessie J-дің орындауындағы "Who you are" әнін шырқаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: