Қазақстаннан "Жаңа толқын" балалар байқауына барған қызды Ресейге кіргізбей қойған

zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме кейінірек жарияланатынын хабарлады.

"Жаңа толқын-2020" халықаралық балалар байқауының концерттік бағдарламасына қатысу үшін Мәскеуге ұшып барған қазақстандық қызды әуежайдан ары қарай жібермей қойған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жаңа толқын" халықаралық балалар байқауының финалисті Аружан Ардақ анасы Гүлжан Сабыкеновамен бірге Мәскеуге барған. Байқауды ұйымдастырушы композитор Игорь Крутой қызды концерттік бағдарламаға қатысуға шақырды, ол байқаудың 2018 жылғы финалисті ретінде Қазақстан атынан шықпақ. Алайда, арнайы шақыруы барына қарамастан, анасы мен қызды транзиттік рейспен келгені үшін Ресейге кіргізбей қойған.

- Транзиттік рейспен келген кезде олар бізді кері қайтармақ болды. Өкінішке қарай, тек тікелей рейспен келгендерге ешқандай шектеу жоқ. Тікелей рейстер аптасына бір рет қана ұшады және оларға барлық билеттер әлдеқашан сатылып кеткен. Ал билеттер бар болған жағдайда, құны удай қымбат, мысалы бір адамға тек бір бағытқа ұшу - 1,5 миллион теңге, - деп жазды Сабыкенова Facebook-те.

Қазір анасы мен қыз Мәскеу әуежайында, олар Қазақстанға кері ұшу үшін ұшақ күтіп отыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме кейінірек жарияланатынын хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді