"Жібек" спектаклі Оңтүстік Кореядағы беделді Daegu International Musical Festival (DIMF) ұсынылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Елорда әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, қойылым 26-27 қазан аралығында фестивальды YouTube арнасынан тамашалауға болады.
"Жыл сайын Тэгу қаласында өтетін бұл шара Нью-Йорк музыкалық фестивалінен (NYMF) кейін театр сүйер қауым үшін ең маңызды мәдени оқиға. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен үздік мюзиклдерді таңдап, корей көрермендеріне таныстырады. Фестиваль бағдарламасында «Жібек» спектаклінен басқа, 8 елдің мюзиклдері болды", – делінген мәдениет басқармасының хабарламасында.
Ғабит Мүсіреповтің (композиторы - Е.Брусиловский) "Жібек" мюзиклі мәңгілік махаббаттың қайғылы оқиғасы туралы баяндайтын қазақтың осы аттас эпопеясына негізделген. Қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтарын бейнелейтін қойылымның режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. "Қыз Жібек" лирикалық шығармасының жаңартылған нұсқасы "Жастар" театрының репертуарындағы ең жарқындардың бірі және фестивальдар мен байқауларда бірнеше рет марапаттарға ие болды.