Көрнекті ғалым, академик Нағима Айтхожина 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ғылым академиясы қаралы хабарды растады.
- 10 қарашада (кешке) дүниеден қайтқан, ол туралы М.А. Айтхожина атындағы молекулалық биология, биология және биохимия институты бүгін білді. Кеше, яғни 11 қарашада ол кісіні жер қойнауына тапсырды, - деді Ұлттық Ғылым академиясының ғылыми-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы Тимур Әпендиев.
Айтхожина Қазақ КСР Ғылым академиясының Ботаника институтында, 1983 жылдан бастап Қазақ КСР Ғылым академиясының Молекулалық биология және биохимия институтында ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметтіер атқарды.
1988 жылдан бастап 2019 жылға дейін М.А. Айтхожина атындағы молекулалық биология, биология және биохимия институтының директоры болды.
1996 жылы Нағима Айтхожина Ұлттық ғылым академиясының биологиялық және медициналық ғылымдар бөлімінің академигі-хатшысы болып сайланды. 1999 жылы ол Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды және бұл қызметте 2002 жылға дейін болды.
Айтхожина — Қазақстандағы молекулалық және медициналық генетика, этно және палеогеномика, ғарыштық биология және биотехнология саласының негізін қалаушы. Ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа биотехнология бойынша ғылыми тәжірибелердің бағдарламасын жасады. Айтхожинаның негізгі ғылыми жұмыстары жоғарғы организмдер геномының құрылымдық қызметі мен тұқым қуалаушылық ақпаратының молекулалық механизмдерін зерттеуге арналған. Айтхожинаның бастамасы бойынша Қазақстанда биотехнологиялық және ғарыштық биология бойынша мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар құрылды. Айтхожина алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы аумағында Берел қорымы археологиялық қазба жұмыстарының мумифицирленген материалдарына молекулалық-генетикалық талдау жүргізді. Айтхожина бірнеше халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда (АҚШ, Германия, Израиль, Үндістан т.б.) ғылыми бағдарламалар жасады.
Ол III дәрежелі "Парасат" және "Барыс" ордендерімен марапатталған. Оның молекулалық биология, атап айтқанда, РНҚ саласында бірқатар үздік ғылыми еңбектері бар.