Абай жолы сериалында салафиттер неғып жүр?

видеодан кадр
Бұл салафиттер Абай заманында да болған сияқты.

Кеше Murat Yeszhan түсірген Абай жолы сериалын толық көріп шықтым, деп жазады желіде журналист Серік Жолдасбай.

Шыны керек, "Хабардың" Абайы "Қазақстан" ұлттық арнасы түсірген топтамадан анағұрлым жақсы болып шыққан екен. Қайым Мұхамедхановтан бастап, Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбайұлының тағдыр-тауқыметін режиссер әсерлі суреттеген. Мұраттың алғашқы туындысы осындай сәтті болса, демек одан жақсы режиссер шыққалы тұр.

Бірақ көңілде бір ғана дақ қалды.

Оспан мен Күнтудың болыс сайлауына қатысып отырған сақалы бар мұрты жоқ адам кім? Бажайлап қарасаңыз осы күнгі салафиттерден аумайды. Абай заманында салафиттер болды ма? Мойындау керек, "Абай жолы" сериялы өте сәтті түсірілген туынды. Алайда Мұрат бауырымыз "салафиттер бұрын да болған" деп айтқысы келді ме, әйтеуір "сақалы бар мұрты жоқ" адамды көрсетуді ұмытпапты. Тырнақ астынан кір іздеп отырғаным жоқ. Бірақ та мемлекеттік телеарнадан салафизмді насихаттап отырған жоқпыз ба? деген сауал тастады пост авторы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі