Димаш Құдайберген АҚШ-тағы бүлікке қатысты пікір білдірді

24.kz
Ол АҚШ-та болып жатқан оқиғалар жақын арада шешіледі деп үміттеніп, соған сенім білдіреді.

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы бүлікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында үш тілде жазды.

"Мен АҚШ-та болып жатқан оқиғалар жақын арада шешіледі деп үміттенемін және соған сенемін. Сондай-ақ, біздің пікірлеріміз әртүрлі болса да, бір-бірімізді құрметтеуді үйренуіміз керек. Біз зорлық-зомбылықсыз әлемде өмір сүру үшін жұдырықтай болып жұмылуымыз қажет", делінген жазбада.

17 қаңтарда Димаш Құдайберген жаңадан сайланған АҚШ президенті Джо Байденнің ұлықтау апталығының ашылуында сөз сөйлейді.

6 қаңтарда Вашингтонда АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың жақтастары оны қолдап, конгресс ғимаратына басып кірді. Соның нәтижесінде соңғы сайлаудың нәтижелерін бекітуі тиіс жиналыс ортасынан үзілді. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ тапаншасын қолданды. Вашингтон полициясы хабарлағандай, наразылық акциясы кезінде төрт адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс