Димаштың "Golden" бейнебаянының үзіндісі жарияланды

видеодан алынды
"Golden" музыкалық бейнебаянының премьерасы жақын арада өтеді.

"DimashAli" шығармашылық орталығы Димаштың "Golden" композициясына арналған жаңа бейнебаянының үзіндісін ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Әншінің "Golden" композициясына арналған бейнебаяны көрермендерге шығармашылық жолында бұрын соңды болмаған мүлдем жаңа және ерекше форматта ұсынылады.

"Шығармашылықтың шегарасы болмауы керек. Біз әртістер әрдайым таңдандыруымыз қажет. Өйткені бұл – біздің мамандығымыз", – деді Димаш.

"Golden" музыкалық бейнебаянының премьерасы жақын арада өтеді.

Айта кетсек, "Golden" композициясы барлық музыкалық ағындық платформаларда: Spotify, Amazon Music, iTunes, YouTube Music, Deezer, Yandex және басқаларында тыңдауға және сатып алуға қолжетімді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі