Елордада шаңғы фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Қатысушылардың жынысы мен жасына байланысты 1, 2, 3 және 5 шақырымға жүгіру жоспарланған, жас топтары мен қашықтарға бөлінеді.

Нұр-Сұлтанда алдағы жексенбі күні Орталық саябақта шаңғы фестивалі өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 2021 жылдың 14 ақпанында елорданың Орталық саябақта өтетін "Esil winter" шаңғы фестиваліне қатысуға шақырамыз. Фестивальдің басталуы таңғы 10.00-де. Қатысушылардың алғашқы жарысы сағат 10.15-ке жоспарланған. Қатысушылардың нөмірлерін алу және нұсқамадан өту үшін фестивальдің басталуына 20 минут қалғанда келуіңізді сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.

Қатысушылардың жынысы мен жасына байланысты 1, 2, 3 және 5 шақырымға жүгіру жоспарланған, жас топтары мен қашықтарға бөлінеді.

Тіркеу 13 ақпанға дейін жүргізіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз