Бастық болып кеткен Ринат Зайытов сұқбат берді

Instagram
Дәл бартерлік келісім болған жоқ. Өйткені олар да ақымақ емес, біледі ғой жағдай қандай екенін.

"Алатау" дәстүрлі өнер театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалған Ринат Зайытов сұқбат беріп, өзінің жаңа лауазымына түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ақын Нартай Аралбайұлына берген сұқбатында айтты.

"Бастық болуға, ең алдымен, танымалдылығым әсер еткен секілді. Сөзім өткір ғой. Жасыратыны жоқ, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы ауыспай тұрып, оның алдында мені әкімшілік шақырды. "Кездесейік, сөйлесейік", - деді. Келістім, бардым. Сондағы сұрағаны: "Мақсатың не" деген сауал болды. "Менің мақсатым – қазаққа адал қызмет ету" дедім. "Қазір жұмыс істеп жатқандардың қылмысы көп, сондықтан оларға көңілім толмайды" деп ашығын айттым... Уақыт өте келе, мәдениет бөлімінің басшысы ауысты, ал оның орнына әкімшілікте жұмыс істеген, өзім білетін жігіт барды. Оған жолықтым да: "Ғанеке, мен қай керегіңізге жараймын" деп сұрадым. Ол іркілмеді, өзіңде бар барлық ваканцияны көрсетті. "Егер бұрын мемлекеттік қызметте істеген болсаң, онда өтерсің, құжаттарыңды тапсырып көр", - деді. Бұрын көркемдік жетекшілік секілді қызметтер атқарғанмын. Құжатымды тапсырған соң, жараппын, өткен болып шықтым.

Қандай да бір келісім, ауызекі бартер болмады ма?

- Дәл бартерлік келісім болған жоқ. Өйткені олар да ақымақ емес, біледі ғой жағдай қандай екенін. Бірақ олар да біліп отыр менің көп нәрсені айтпай түсініп отырғанымды, мен де олардың емеуірін түсініп отырмын...

Ринат Зайытов сұқбат барысында партия құру туралы мақсатынан әлі таймағанын айтты. Тек оған біршама уақыт пен қаражат керек екен.

Айта кетсек, таяуда айтыскер ақын, билікті сынап, оппозициялық көзқарастарымен танылған Ринат Зайытов "Алатау" дәстүрлі өнер театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды. Бұл тағайындауды желідегілердің басым бөлігі өткір сөзді ақынның аузын жабу тәсілі деп бағалаған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты