Алтынай Жорабаева екінші күйеуі жайлы: Сен келіп, өмірімді ертегіге айналдырдың...

әлеуметтік желіден алынды
Әлеміме еніп, өмірімді өзгерткен ЖАН - Алтынай Жорабаева.

Алтынай Жорабаева күйеуін туған күнімен құттықтап, желіде жүрекжарды жазба жариялады.

Әншінің өзінен жас екінші күйеуі 40-қа толыпты. Карантин кезінде атаулы датаны дүркіретіп тойлай алмағанымен, әнші одан жақсы сөзді аямапты.

"Әлеміме еніп, өмірімді өзгерткен ЖАН. ТУҒАН КҮНІҢМЕН ЖӘННАТЫМ (Ин Шаа Алла). АЛЛА МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ, ҰЗАҚ ҒҰМЫР БЕРСІН. ЕКІ ДҮНИЕНІҢ АБЫРОЙЫН,БАҚЫТЫН БЕРСІН. Әйел бақытын сезіндірген, бойымдағы нәзіктік пен еркелікті оятқан қамқоршым. Осыдан біраз уақыт бұрын, отбасылық өмірімді дәл бұлай елестете де алмас едім. Сен келдің де ертегіге айналдырдың. Қыздарымның папамыз деп тұрғаны да , таңдауымның туралығын дәлелдеп тұрғандай. Мені сүйгенің үшін Сүйем.
Қыздарымды жақсы көргенің үшін, жақсы көрем. Бір-бірімізді толықтырып қосылған бір бүтінбіз Ин Шаа Алла. Сен - Менсің! Мен - Сенмін! Өзіңді Өзімдей жақсы көрем. Өзіме тілегенімді, қалағанымды саған да қалаймын. Тілегім жүрегімде. Армандарымыз дұғамда. Қалғаны жеке айтылар. Алла берген ғұмырын бірге кешуді жазсын, асыл жарым, шексіз махаббатым", делінген әншінің жүректің суретіне толы жазбасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды