Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновтің құрметіне ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Жоба демеушілік қаражатқа жүзеге асырылады.

Нұр-Сұлтанда әнші әрі композитор Батырхан Шүкеновтің ескерткіші орнатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің ең жақсы эскиз-идеясына байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge платформасына жолдауға болады. Ол үшін оң жақта төменгі бұрышындағы "Кері байланыс" белгісін басу керек.

Қалалық саябақта Шүкеновтің құрметіне ескерткіш орнату жоспарланған. Жоба демеушілік қаражатқа жүзеге асырылады.

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Ол 2015 жылдың 28 сәуірінде қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды