Imanbek желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті

Иманбек жазған трек АҚШ-тың Billboard Hot 100 бестігіне кірді.

Қазақстандық ди-джей әрі музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында екі көліктің алдында түскен суретін жариялады: ескі LADA Priora мен су жаңа Mercedes-Benz C-class ("Мерен").

Суреттің астына музыкант: "+1", - деп таңба қойған.

Оған пікір қалдырушылардың барлығы Иманбекті жаңа көлігімен жаппай құттықтады.

Ал бірі: "Прирораңды сатпайтын шығарсыз, ә" деп сұрады. Бұған Иманбек:

"Ешқашан" деп жауап берді.

15 наурызға қараған түні қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық ән орындаушы SAINt JHN-тің "Roses" әніне жазған ремиксі үшін Grammy сыйлығын алғаны белгілі болды. Оның жазған ремиксінен кейін бұл ән бүкіл әлемге танымал болды. Иманбектің Ютубқа жүктеген видеосы миллиондаған қаралым жинады. Трек АҚШ-тың Billboard Hot 100 бестігіне кірді, өз кезегінде рэпер Карлос Сент Джон Ақсу тұрғынына ремиксі үшін алғыс айтты.

Бұл тарихи оқиғаға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: