Нұр-Сұлтан қаласында алдағы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне арналған іс-шаралар тізімі жарияланды. Карантиндік шараларға байланысты іс-шаралардың бәрі онлайн өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Нұр-Сұлтан мектептерінде 6 мамырға дейін Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған сынып сағаттары мен кураторлық сағаттары, әскери-патриоттық тәрбиедегі әндердің онлайн байқауы өтеді. Онлайн шараларды Instagram желісіндегі @astana_jastary және @jas_sarbaz_nursultan парақшаларынан көруге болады.
Елорданың "Білім-инновация" лицей-интернаты" 5 мамыр күні мерекеге орай "Бір үзік сыр" сұхбатын өткізеді. Сыр-сұхбатты білім мекемесінің Instagram желісіндегі ресми парақшасынан тамашалауға болады.
№4 қалалық емханада Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңелген тұлғаларға арнап медициналық тексеру ұйымдастырылады. Ал №2 қалалық емхана Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған үй күтімі жөніндегі дәрігерлер кеңесін өткізеді. Бұл шаралар 6 мамырға дейін жалғасады.
"Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені "Малиновка" іздеу клубымен бірлесіп, 5 мамыр күні тыл ардагерлерімен, "Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері" ҚБ өкілдерімен, сондай-ақ "Ерлікке тағзым, ардагерге – құрмет" әскери қызметшілерімен кездесу өткізеді.
Сонымен қатар 5-10 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған монументалды кешенге, "Отан қорғаушылар" мемориалдық кешеніне, М.Мәметова, Б.Момышұлы ескерткіштеріне онлайн экскурсия жүргізіледі. Толық мәліметтерді Мәдениет басқармасынан, Біріккен мұражайлар дирекциясынан, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығынан алуға болады.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні "Ақиқат пен аңыз" концерт-спекталін "Қазақстан" телеарнасы ұсынады.
Отан қорғаушылар күніне орай "ANK Live" студиясының тікелей эфирі ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен өтетін іс-шараны ұсынады. Онлайн шараны Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінен көруге болады.
Нұр-Сұлтан қаласы филармониясы оркестрінің қатысуымен 8 мамыр күні 22 ҰОС ардагеріне арнап жылжымалы концерт ұйымдастырылады. Сол күні "Jas sarbaz" әскери-патриоттық жобасы аясында ардагерлерге азық-түлік себеттері табыс етіледі. Ал 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай елорда көшелерінде "Жеңіс жолдарымен" мобильді іс-шарасы өтеді. Дәл осы күні "Хабар" телеарнасында "Ер есімі – ел есінде" концерті жұртшылық назарына ұсынылатынын еске сала кетейік.
Айта кетейік, елордадағы іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтеді.