ҚМДБ Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

иллюстрация үшін алынды
Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет.

ҚМДБ Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚМБД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамырда бүкіл елімізде Ораза айт намазы мешіттердің аулаларында оқылады (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің Қаулысы бойынша рұқсат етілсе).

Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беру ұсынылады:

- Бетперде (маска) тағу;

- Үйден дәрет алып келу;

- Намаздан соң қол беріп амандаспау;

- Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;

- Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;

- Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

ҚМБД барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырады.

"Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет. Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан сақтап, жұқпалы індеттен аман еткей! Әмин!", делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр