Аша Матай: Төсімде силикон жоқ! 

Ернін айтпас бұрын менің ерніме бір қарап алсаңдаршы. Ал төсін айтпас бұрын шешесіне бір қарап қойыңдар, - деді әкесі.

Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай "Еуразия" бірінші арнасына берген сұхбатында өмірінде орын алып жатқан өзгерістермен бөлісті. Көпшілік көрерменнің ашуына тиген "Қалаулым" бағдарламасын тізгіндеп жүрген жылдары "Матай Бөрібай батыр" атындағы "Ұлттық Рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін" медалімен марапатталған кезінде, көпшіліктің сынына қалған актриса еңбегінің бағаланғанын көре алмағандар көп болғанын айтты.

Менің қызым "Матай Бөрібай Батыр" атындағы медальді алды. Ол төсбелгі қоғамда қатты резонанс тудырды. Көрермендер сынға алды. Аша бұл марапатқа лайықсыз деп сөккендер де аз болған жоқ. Журналистерге қатты ашуландым. Елге жалған ақпарат айтар бұрын алдымен өздерің біліп алсаңдаршы. Аша қандай еңбегі үшін алып жатыр, Ұлттық рухтың не екенін өздерің білесіңдер ме? Алдымен соны анықтап алыңдар, содан кейін сынай беріңдер. Мұндай марапат тіпті еркекке беріле бермейтін құрмет. Менің қызым сол құрметке әбден лайық адам. Мемлекеттің деңгейінде марапат беруге де болар еді, бірақ әлі күнге ондай құрмет берілген жоқ, деді тележүргізушінің әкесі Марат Асқарбеков.

Бала күнінен өнерге жақын өскен Аша алғаш рет 17 жасында үлкен жобаларға араласып, "Біржан сал" фильмінде Ләйлімді сомдаған. Кейін әншілікке, уақыт өте тележүргізушілікке ауысқан. Қай салада, қаншама ірі жобаларда жүрсем де, ешқашан танымал туысым Баян Мақсатқызынан қолдау сұраған емеспін деген өнер иесі қашан да қатал ағасының назарында болғанын айтты.

Ағам мені қатты қызғанатын. Университетте де ешкімді маған жолатпай, төбелесіп жүретін. Мектептен бастап мені ұнатқан жігіттер көп болды. Олар жазған талай хаттар маған жетпей жатты. Өйткені ағам барлық хаттарды жыртып тастайтын. Егер маған бір жігіт қарай қалса, төбелесіп тынатын. Сол себепті ағамнан қатты қорқатынмын. Ал Арманмен сөйлесе бастағанымда ол өз рұқсатын бергеннен кейін ғана тұрмысқа шықтым,- деді Аша.

Тележүргізушінің ел назарында жүргеніне 15 жылдан асса да, отбасы мүшелері оның ішінде ата-анасы Аша туралы айтылған пікірлерге қатты мән береді екен. Тіпті әкесі оның инстаграм желісіндегі жазылған пікірлерді оқып ашуланатын кездер жиі орын алатынын жеткізді.

Менің қызым туралы айтылатын сан түрлі пікірлерге ашуым келеді. Ернін жасатып, төсіне силикон салдырып алыпты дегендерге айтарым бар. Әй, айналайындар-ау оның ернін айтпас бұрын менің ерніме бір қарап алсаңдаршы. Ал төсін айтпақ бұрын шешесіне бір қарап қойыңдар. Сонда барып түсінікті болады барлығы да, - деді әкесі Марат Асқарбеков.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: