Павлодар облысы елордаға Қаныш Сәтбаевтың ескерткішін орнатып береді

pavlodarnews.kz
Ескерткіш елордадағы Қаныш Сәтбаев пен Қажымұқан Мұңайтпасов көшелерінің қиылысындағы "Қазақстан" спорт кешенінің алдында орнатылады.

Павлодар облысында елорда күніне орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Оспанова мерекелік шаралар барысында 3 шілде күні Астана күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Қаныш Сәтбаев ескерткішінің ашылуы өтетінін айтты.

Ескерткіш Павлодар облысының әкімдігі атынан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сыйға тартылады. Оның авторы – белгілі мүсінші, бірқатар үлкен ескерткіштердің авторы Асқар Нартов. Ескерткіш елордадағы Қаныш Сәтбаев пен Қажымұқан Мұңайтпасов көшелерінің қиылысындағы "Қазақстан" спорт кешенінің алдында орнатылады, - деді Сәуле Оспанова.

Ескерткіш қоладан құйылып, биіктігі 5,25 м, салмағы 4,9 тоннаны құрайды. Тұғыр тасы граниттен жасалып, биіктігі – 5,8 м, салмағы – 3,6 тоннаны құрайтын болады.

Сондай-ақ Астана күніне Павлодар облысы бойынша 270-тен астам іс-шара өткізу жоспарланды. Оның 30-дан астамы облыстық мәдениет кәсіпорындары мен мекемелерінде өткізілетін болады.

Оның ішінде мерекелік концерттер, акциялар, викториналыр, көрмелер, квесттер, челлендждер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, әдеби және музыкалық кештер және басқа да шаралар бар.

Айта кетейік, Астана күніне орай өтетін шаралар басқарманың және қалалық әкімдіктің сайттарында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев