Нұр-Сұлтан мешіттерінің ауласында Айт намазы өткізілмейді

Нұр-Сұлтан әкімдігі
Себебі бас қала коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа жатқызылады.

Елорда мешіттерінің ауласында Айт намазы өткізілмейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бас қала әкімдігінің мәліметінше, қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі күндеріне арналған шектеу шаралары туралы қол қойған қаулыға сәйкес мегаполис тұрғындары мен қонақтарының Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде де өткізуге және қатысуға тыйым салынады.

"Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады", делінген қаулыда.

Сонымен қатар құрбандық шалу рәсімі онлайн режимде qurban2021.kz сайты арқылы ұйымдастырылады. Бұл ретте күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастыру қажет.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты