Ақтаулық романтик жігіт қызына ерекше тәсілмен сөз салды

видеодан алынды
Романтикаға толы сәт Сайын Шапағатов ауылының маңында метр тереңдікте болған.

Ақтау қаласының тұрғыны Каспий теңізінің түбінде сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Ғашықтар Каспий теңізінің түбіне су асты әлемімен танысамыз деп түскен екен. Бірақ жігіт кенеттен алдын ала дайындап қойған раушан гүлі мен сақинасын шығарғанда сүйіктісі таң қалыпты. Қолы дірілдеп толқығаны да көрініп тұр. Тіпті қыздың шешім қабылдауы үшін "иә" немесе "жоқ" деген жазуы бар арнайы қағазды да дайындап қойған. Мұндай тосын сыйды күтпеген қалыңдық тұрмысқа шығуға келісімін берді.

Романтикаға толы сәт Сайын Шапағатов ауылының маңында метр тереңдікте болған. Дайвинг орталығы мамандарының айтуынша, көк айдынның астында сүйіктісіне ұсыныс жасау біздің елде алғаш рет болып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі