Рухия Байдүкенова Димаштың өзіне қандай қолдау білдіргенін айтты

Димаш Құдайберген биыл байқаудың қазылар алқасының мүшесі болғанын еске сала кетелік.

Витебскідегі "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің Гран-при иегері Рухия Байдүкенова байқау кезінде Димаш Құдайбергеннің өзін қалай қолдағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Димаш Құдайберген биыл байқаудың қазылар алқасының мүшесі болғанын еске сала кетелік.

Байқау алдында Димаш маған вокал бойынша бар білгенін айтып, маған тілектестік білдірді. Байқау кезінде біз сөйлескен жоқпыз, өйткені ол қазылар алқасының мүшесі болды, ал мен қатысусышымын. Сондықтан онымен байқау кезінде сөйлескеніміз дұрыс болмас еді, - деді жеңімпаз Рухия Байдүкенова.

Мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұлованың айтуынша, Димаш Рухияның өнеріне қатты алаңдаған.

Мен Димашпен сөйлестім. Ол Рухия үшін уайымдады. Ол алғаш рет қазылар алқасында болды. Ол өзінің қазылар алқасы арасында отырғаннан гөрі бірнеше рет ән салғанды оңай көретінін айтты, - деді министр.

Бұл - Рухияның халықаралық байқаудағы алғашқы өнері. Болашақта ол өзінің әндері мен бейнебаянын шығаруды жоспарлап отыр.

18 шілдеде қазақстандық Рухия Байдүкенова Витебскідегі "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің Гран-приін жеңіп алды. Конкурсқа қатысушылар Беларусь президенттік оркестрі ұжымының сүйемелдеуімен хит әндер орындады. Рухия вокалымен және бес октавалық диапазонмен қазылар алқасын тәнті етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: