Француз актері Жан-Поль Бельмондының мұрагерлері сарай мен Cerito киностудиясын өзара бөліске салады, деп хабарлайды zakon.kz.
Аты аңызға айналған актер 1971 жылы әжесінің есімімен кинокомпания құрғаны белгілі. Бірнеше жыл бойы Belmondo студиясы 20-дан астам табысты фильм түсірді. Көптеген фильмдерде басты рөлдерді актердің өзі сомдады, деп хабарлайды Lenta.ru.
Жылжымайтын мүлік пен киностудиядан басқа француз киножұлдызының жеке мейрамхана бизнесі бар. Бельмондо Париждегі Stresa итальяндық мейрамханасының және туристік компанияның тең қожайыны болып табылады, деп хабарлайды Teleprogramma.pro.
Француз өнер иесі өмір бойы көптеген сұлумен жақын қарым-қатынас құрды, оның екеуінде неке қиылды. Екі жыл бұрын Бельмондо өзінің бұрынғы сүйіктісі - модель Мария Карлос Сотомайорға оралды, олар 1980 жылдан 1987 жылға дейін аралықта бірге жүріп, жақын қатынаста болған, бірақ ерлі-зайыптылардың баласы жоқ. Жалпы, кино жұлдызының әртүрлі некеден төрт мұрагері бар.
Аңызға айналған актердің қайтыс болғаны 6 қыркүйекте белгілі болды. Өлімнің себебі айтылмайды. Әлемдік кино жұлдызы 88 жаста еді. Франция президенті Эммануэль Макрон марқұмның отбасына жолдаған жеделхатында актерді өз елінің ұлттық қазынасы деп атады.