Алматыда "Неделька" субұрқағы қалпына келтірілді

Алматы әкімдігі
Мұндағы басты міндет — тарихи сәулет ансамблін сақтай отырып, маңайды қалпына келтіру.

Қоғамдық кеңістікті абаттандыру мен туристік әлеуетті дамыту аясында "Неделька" субұрқағын қоса алғанда, Абай атындағы ҚҰАОБТ алдындағы алаңды жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды zakon.kz.

Субұрқақ пен сквердің жөндеу жұмыстары туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-да баяндады.

Мұндағы басты міндет — тарихи сәулет ансамблін сақтай отырып, маңайды қалпына келтіру еді. Ол үшін шамдар, субұрқақ аркалары мен "абажур" қалпына келтірілді. Барлығы сол кезде түсірілген суреттегідей. Кіре-берістегі жойылған субұрқақ қалпына келтірілді. Жаңа келбетке ие болған кеңістік қала тұрғындарының көңілінен шығатынына күмәнім жоқ. Сонау 60-70 жылдардағы Алматының атмосферасын еске түсіреді. Негізі 2005 жылы қаланған Тұңғыш Президент Қорының жанындағы скверді қайта құру жалғасуда. Содан бері мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген екен. 80 орындық, қоқыс жәшігі және тұрғындардың өтінішімен санитарлық-гигиеналық торап орнатылады, делінген әкім жазбасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды