Қазақтың Иманбегін GQ журналы "Жыл жаңалығы" деп таныды

Өткен жылдың желтоқсанына дейін ол жергілікті теміржол стансасында жұмыс істеді.

DJ Иманбек деп танылған қазақстандық Иманбек Зейкенов GQ Russia журналының жыл сайын өткізілетін "Жыл жаңалығы" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Журналдың ресми сайтында "Men of the Year 2021" лауреаттарының тізімі жарияланды.

Grammy сыйлығы, миллиардтаған тыңдарман мен әлемдік музыкалық компаниялар және лейблдармен келісімшарт. SAINt JHN-нің әлемдік хитке айналған Roses трегін жазған қазақстандық жас диджей, продюсер Иманбек Зейкенов әлі бұдан да биік шыңдарды бағындырады, деген сенімдеміз, - деп жазды GQ.

2021 жылдың наурызында қазақстандық Иманбек Roses әнінің ремиксі үшін Grammy музыкалық сыйлығын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі биылғы жылдың 31 қаңтарында өтуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты 15 наурызға ауыстырылды. Grammy-дің 63-ші онлайн марапаттау салтанатында Иманбек Зейкенов "Үздік ремикс" саласында жеңімпаз атанды.

20 жастағы Иманбек Павлодар облысы, Ақсу қаласында туған. Өзінің айтуынша, он жеті жасынан бастап ән әрлеуді жергілікті диджейлер мен продюсерлерден және Youtube желісіндегі видеосабақтардан үйренген.

Өткен жылдың желтоқсанына дейін ол жергілікті теміржол стансасында жұмыс істеді.

2019 жылдың жазында музыкант америкалық орындаушы SAINt JHN шығарған "Roses" трегін жаңартып, оны әлеуметтік желілерге жүктеген. Бірнеше айдан соң әуен әлемдік хитке айналды. Ремикс миллиондаған қаралым жинап, Billboard-та жылдың ең үздік би әуендері тізімінде алғашқы шепте тұр.

Жайна Тәттімбетова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: