Қасым Аманжоловтың Сталинге жазған хаттары табылды

90-ға жуық сурет пен қолжазбалар табылған. Бұлардың көбін ақынның қызы Дариға Қасымқызы жинақтап, өткізген екен.

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл. Осыған орай облыстық архив қаламгердің фотосуреттерін және былайғы жұрт біле бермейтін деректерді жиыстырып жатыр.

90-ға жуық сурет пен қолжазбалар табылған. Бұлардың көбін ақынның қызы Дариға Қасымқызы жинақтап, өткізген екен. Ең көнесі 1934 жылы "Біздің еңбек" газетінде жарық көрген "Есімде" деген мақаласы. Бұл жәдігерлерді архив ұжымы көшпелі көрме өткізіп жұрт назарына ұсынбақ. Олардың арасында осыдан 10 жыл бұрын табылған ақынның Жайық Бектұровқа, Сталинге жазған хаттары бар. Қызы Дариғаға жазған хаттары да түпнұсқада сақталған, деп хабарлайды "Хабар-24"

Жанагүл Тұрсынова, Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің директоры:

ҚР кино-фотоархиві бар сол жақтан жинақтадық бір 20-30 шақты суретін алдық. Сосын қызының үйінен алдық. Енді бұл кісінің осы құжаттарын тархшылар, ақын-жазушылар мен өлкетанушылар әлі де зерттеп, өз ой-пікірін жазып, бір үлкен ғылыми жұмыстар әлі де әлемге шығады деп сенеміз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: