Иманбек MTV EMA сыйлығына ұсынылды

instagram.com/imanbekmusic
Сыйлық тапсыру салтанаты 14 қарашада Будапештте өтеді.

Қазақстандық диджей және музыкалық продюсер Иманбек MTV EMA сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы музыкант өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Мені MTV EMA сыйлығына #BestMTVRussiaAct категориясымен ұсынды! Дауыс беру жақын арада басталады, - делінген жазбада.

Сыйлықты тапсыру салтанаты 14 қарашада Будапештте өтеді.

Иманбек Зейкенов америкалық әнші SAINt JHN-дің "Roses" трегіне ремикс жазып, онысы YouTube-те шыға сала әлемге танылды.

2021 жылы наурызда ол Grammy сыйлығын алды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек