Grammy Иманбектің қолына тиді

Жарты жылдан кейін.

Қазақстандық диджей және музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) "Roses" әнінің ремиксі үшін берілген Grammy сыйлығын қолына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық музыканттың Grammy-ді ұстап тұрған фотосуреті Instagram-да пайда болды.

15 наурызға қараған түні қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-ның "Roses" әніне жасаған ремиксі үшін Grammy алғаны белгілі болды. Imanbek америкалық әртіс SAINt JHN-ның "Roses" трегіне жазған ремиксі YouTube-те жарияланғаннан кейін бүкіл әлемге танылды. Видеоны миллиондаған адамдар көрді. Ремикс U.S.Billboard Hot 100 рейтингінің бестігіне кірді, ал рэпер Карлос Сент-Джон ақсулық Иманбекке алғысын білдірген.

Бұл тарихи оқиғамен Иманбекті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтаған болатын.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: