Ақтөбеде Димаштың құрметіне мұражай ашылмақ

Оңдасын Оразалин мұндай жоспар бар екенін айтты.

Ақтөбе облысының әкімі ОКҚ брифингінде Димаш Құдайбергеновтің туған қаласы Ақтөбеде оның жанкүйерлері үшін мұражай және басқа да туристік жерлер ашу жоспарланып отыр ма, деген сұраққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңдасын Оразалин мұндай жоспар бар екенін айтты.

Біз Димаштың бүкіл Қазақстанның мақтанышы екенін негізге аламыз. Ол өз талантымен біздің елімізді, оның ішінде біздің өңірді танытқан адам, - деп қосты өңір басшысы.

Ол осы бағытта белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Коммерциялық және ұйымдастырушылық компоненттер бар екенін білесіздер, біз оның өкілдерімен осы тақырыпта келіссөздер жүргіземіз. Шынында да, біздің қаламызда карантиндік шектеулер алынғанда туризм үшін тартымды орындардың бірі Димашпен байланысты болғанын қалаймыз. Осыған байланысты біз бірнеше орынды қарастырдық, таңдау оның үйіне түсті. Әрине, бұл оның қалауы мен еркіне байланысты болады, - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, ол карантинге қарамастан, өңірде Димаштың есімімен байланысты фестиваль үш рет өткізілгенін хабарлады.

Димаш "Бақытты бала" фестиваліне үнемі қатысады. Мұражай ашу жоспары бар, белгілі бір келісімдерге келіп жатса, хабардар етеміз, - деп түйіндеді ол.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: