"Қазақфильм" киностудиясы түркі әлемінің кинематографиясына қосқан үлесі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ыстамбұлда өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival фестивалінің жабылу салтанатында "Қазақфильм" киностудиясы "Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығымен марапатталды. Марапатты "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев алды. Ол фестиваль ұйымдастырушыларына құрмет сыйлығы үшін алғыс айтты, делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, биыл алғаш рет өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты.
Фестиваль режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи картинасымен ашылды.