"Айтылмаған бір әнім бар". Нұр-Сұлтанда Нұрлан Өнербаев концерт берді

astana.gov.kz
Іс-шара санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана" концерт залында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаевтың "Айтылмаған бір әнім бар" атты концерті өтті.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды

Ән кеші Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Кешке "Музыкалық жас көрермен театрының" әртістері, сол сияқты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Саят Медеуов, Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлі, "Славян базары-2021" халықаралық фестивалінің гран-при иегері Рухия Байдүкенова, "Junior Eurovision-2020" халықаралық байқауының лауреаты Ержан Максим, "Славян базары-2019" халықаралық фестивалінің гран-при иегері Әділхан Макин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат-Света Айтбаевтар, "МузАрт" тобы және Ұлықпан Жолдасов сынды танымал өнер азаматтары қатысып, әннен шашу шашты.

Кешке келген көрермен қауым Нұрлан Өнербаевтың белгілі әндерін тыңдап, рухани сусындап қайтты.

Іс-шара санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды