Жапон ақыны өз өлеңін орындаған Димаштың өнеріне қатысты пікір білдірді

Ол оны жапон тілінде өте әдемі орындаған алғашқы әнші - Горо Мацуи

Жапон ақыны және ikanaide әнінің авторы Горо Мацуи Димаш Құдайбергеннің өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 28 қарашада XX Токио джаз фестивалі шымылдығын түріп, көптен күткен шарада Димаш алғаш рет жапон тілінде ән шырқады.

Ән сөзінің авторы Горо Мацуи көп ұзамай Димаштың орындауындағы өз шығармасына қатысты Twitter-дегі парақшасында пікір білдірді.

Шетелдік әнші ikanaide әнін біздің ана тілімізде орындады. Мен бұл әнді осыған дейін әртүрлі шетелдік әншілердің орындағанын естігенмін. Бірақ, ол оны жапон тілінде өте әдемі орындаған алғашқы әнші.Горо Мацуи

Ақын пікіріне көп ұзамай Димаш Құдайберген де желіде жауап жазды.

Сіздің әніңізді орындағаным үшін өзімді бақытты санаймын. Маған артқан сеніміңіз бен берген жоғары бағаңыз үшін алғыс білдіремін, деп жазды Димаш.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: