1,5 млрд тыңдалым. Imanbek тағы бір жетістігі үшін марапатталды

Сурет: Instagram.com/imanbekmusic
Roses — Imanbek Remix трегі 2021 жылдың қазан айында әлем бойынша 1 миллиард тыңдалым жинап, қазақстандық диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов ТМД-дан осы жанрда суырылып шыққан алғашқы музыкант болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК мәліметінше, Spotify музыкалық қызметі осы трек үшін Иманбекті марапаттады. Қазіргі уақытта оның тыңдалым саны 1,5 миллиардтан асты.

Бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық диджей Куга және британдық әнші Дуа Липа алған болатын.

Менің шығармашылығымның бүкіл әлем бойынша өз жанкүйерлерін тапқаны өте тамаша. Spotify-де басқа әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен қатар атымның аталуы екі есе жағымды жаңалық. Imanbek

Америкалық рэпер SAINt JHN-тің Roses трегі 2019 жылы жарыққа шығып, қысқа уақытта әлеуметтік желілерде танымал болды, ал тиктокта "вирусқа" айналды. 2020 жылдың желтоқсанында композиция Spotify-дің әлем бойынша тыңдармандары арасындағы ең танымал 5 тректің қатарына енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі