Елімізде қазақша контент қалай дамиды

Сурет: pixabay
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қазақша интернет-ресурстарды, мультимедиялық контент пен онлайн платформаларды дамыту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы алдымызда мемлекеттің ақпараттық жұмыс сапасын, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі дамыту міндеті тұр. Осылайша, үкіметтің ақпараттық жұмысының деңгейін айтарлықтай көтеру қажет. Ол үшін мемлекеттік органдардың қызметін бағалауға БАҚ-пен жұмыс істеу критерийлерін енгізу жоспарланып отыр.Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Асқар Омаров

Министрдің айтуынша, сонымен қатар БАҚ мамандарының біліктілігін арттыруға, халықтың медиа-ақпарат сауатын қалыптастыруға бағытталған 2022-2023 жылдарға арналған арнайы оқытуды жүзеге асыру да жоспарда бар.

Қазақстандық интернет сегментін дамыту биыл басым бағыттардың біріне айналады. Қазақтілді интернет-ресурстарды, мультимедиялық контент пен онлайн платформаларды дамыту қажет. Біз мемлекеттік телеарналардың қызметін жетілдірудің жаңа тәсілін әзірледік. Бұл мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Асқар Омаров
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі болды

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды