Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Димаштың әнімен шоу көрсетті

Сурет: видеодан скриншот
3 сәуірде Санкт-Петербургтегі «Юбилейный» спорт сарайында Илья Авербухтың «Ледниковый период. Чемпионы» атты мұзшоуы өтті. Аталған шоуда ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Your love» әніне шоу ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Евгения Медведева өзінің өнерін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Your love» композициясымен дайындап, орындап шықты.

Мәнерлеп сырғанаушы Евгенияның өнерін көрермен жоғары бағалап жатыр. Оның әрбір қимылы нәзік әрі әдемі әуенмен үйлесім тапты. Евгения Медведева мұзшоуда қызыл көйлек киіп шықты.

Ал Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаушының бір сәттік қысқа видеосын өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды