Алматыда Ұлттық құндылықтар қауымдастығы құрылды

Сурет: Zakon.kz
Мақсат – қоғам арасында ұмыт болған қазақи салт-дәстүр мен адамгершілікті көпшілікке дәріптеу. Қауымдастық құрамына белсенді ұлт жанашырлары топтасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырушылар осылайша атадан балаға мирас болып келе жатқан қазақы дүниетанымды жас жеткіншектерге насихаттауды көздеп отыр. Ол үшін түрлі жоба жасау жоспарланған. Дөңгелек үстелге қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және осы ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында түрлі кәсіп жасап жүрген азаматтар арнайы қатысып, ұсынысын ортаға салды, делінген Almaty.tv сюжетінде.

Ұлт жанашырлары біршама идеясын ортаға салды. Әлемдік медицинада музыкамен адам жанын емдеу деген бағыт болса, біз неге осы күй терапиясын ауруханаларда жасамасқа деген идея болды. Ұлттық құндылықтар эстафетасын жасау, жалпы ұлтқа керекті және оcы 100 жыл бойына көп ешкім ескере бермеген жайттардың бәрін бір арнаға тоғыстырғалы жатырмыз, – деді Jananews.kz сайтының бас редакторы Арман Құдайберген.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды