Димаш Құдайберген «Дайдидау» әні туралы естелігін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Бұл әнді мен ең алғаш естігенімде мектепте оқып жүрген оқушы едім. Сол кезде «осы әнді бір күні орындасам» деп ойлап жүретінмін. Арада жылдар өтіп, қателеспесем, 17 жасымда бір халықаралық байқауға қатысуға «Дайдидау» әнінің аранжировкасын жасауға кірісіп кеткен едік. Ол кезде Ақтөбе қаласында тұратынмын. Бақытбек аға аранжировкасын жасап, менің ең алғашқы музыкалық продюсерлік қызметімді атқарды. Сол кезде осы видеодағы көріністі елестетіп, армандайтынмын.Димаш Құдайберген
Димаш бөліскен видеода «Дайдидау» әнін шетелдік көрермен қосыла шырқап жатыр. Оның үстіне көрерменнің бәрі қолына жарық ұстап алған.
Әншінің бұл жазбасына жанкүйерлері лүпіл басып, жылы лебізін білдіріп жатыр.