Олардың арасында әнші Сәкен Майғазиев те бар.
Елімізде екі ай бойына референдумға орай ақпараттық жұмыс жүргізілді. Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан деп жатыр. Мен бүгін өз таңдауымды жасап, дауыс бердім, – деді ол.
Сурет: Алматы қалалық ІСБ
Скрипкашы Жәмилә Серкебаева Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан № 254 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Сурет: Алматы қалалық ІСБ
"Нұр-Мұқасан" тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев та бұл күні өз дауысын беру үшін сайлау учаскесіне келді.
Мен мұнда дауыс беру үшін келді. Жаңа Қазақстанды құру үшін әр адам өз таңдауын жасауы керек, – деді ол.
Сурет: Алматы қалалық ІСБ
Сурет: Алматы қалалық ІСБ
Актриса, тележүргізуші Майя Веронская да желіде жазба жариялады:
Еліміз әрдайым гүлдене берсін!
Сурет: Алматы қалалық ІСБ
Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев та Instagram-дағы парақшасында дауыс беруге барғанын жазып, сурет жариялады.
Сурет: Алматы қалалық ІСБ
Әнші Бүркіт те (Айбек Жансейітов) өз сайлау учаскесінде дауыс берді.
Біздің елімізде барлығы әрдайым жақсы болсын! - деп жазды ол.
Сурет: Алматы қаласының ІСБ
Танымал белсенді әрі блогер Анна Торосян № 51 мектеп-гимназиясының №261 сайлау учаскесінде дауыс берді. Анна Instagram-да сайлау учаскесінде жастар көп екенін атап өтті.
Барлығымыз өзгерісті қалаймыз, оған күмән жоқ, бәріміз де жаңа Қазақстанда өмір сүргіміз келеді. Сондықтан, бүгін мен үшін, жастар үшін дауыс беру мүмкіндігін пайдаланып, өз азаматтық ұстанымын танытып, қоғамдағы белсенділігін көрсететін күн, - деп жазды Анна Торосян.
Сурет: Алматы қаласының ІСБ
Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов референдумда дауыс берді.
Біз үшін бұл референдум өте маңызды. Өз атымнан балаларымның болашағы үшін барлық жауапкершілікпен дауыс бердім, - деді ол.
Сурет: Алматы қаласының ІСБ
Артист Роман Ким де дауыс берді.
Мен Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының әртісімін, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін, сондай-ақ қазақстандық эстраданың әртісімін. Мен мемлекеттімнің тағдырыма ат салысу борышым деп санап, еліміздің болашағы жарқын болатындығына сенім білдіремін! Қазақстан Республикасының әрбір азаматы шетте қалмауы керек, әркімнің өз таңдауы болуы керек! Мен жаңа Қазақстан үшін дауыс бердім! – деді Роман Ким.
Сондай-ақ референдумда мынандай тұлғалар дауыс берді:
Актриса Альмира Тұрсын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, әнші Айдар Тұрғанбек, композитор Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Благодарный, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрмұқасан Шахзадаев, әнші Луина (Каринбаева Луиза), Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, актер Азамат Сатыбалды, ақын Мұратқан Шоқан, суретші-карикатурашы Еркін Нұразхан, актер Бақыт Тушаев, ақын Бауыржан Жақып, ақын Серік Қалиев.