Димаштың жанкүйерлері психологиялық көмек беретін ұйымға қаржы аударды

Сурет: dimashnews.com
Канададан келген Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бүкіл ел бойынша балаларға психологиялық көмек көрсететін Kids Help Phone қайырымдылық ұйымына қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kids Help Phone – Канададағы қайырымдылық ұйымы. Ол бүкіл елдегі жастарға құпия түрде психологиялық көмек көрсетеді. Ұйым ағылшын және француз тілдерінде көмек көрсетеді және аптасына жеті күн тәулік бойы жұмыс істейді. Dimashnews.com сайтының мәліметінше, былтыр ғана ұйым Канаданың түкпір-түкпірінен келген бес миллионнан астам балаларға кеңес беріп үлгерді.

Биыл Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай канадалық Dears қаражат жинауды ұйымдастырып, Kids Help Phone-ға ақшалай көмек беруді ұйғарды. Бірлескен күш-жігермен олар 1000 доллар (шамамен 440 130 теңге) жинады.

Жастарды үнемі қолдап, көмектесетін Димаштан шабыт алдық, – деді Dears.

Kids Help Phone командасы қазақстандық орындаушының жанкүйерлеріне баға жетпес қолдауы үшін алғыс білдірді.

Қазір жастар COVID-19 пандемиясының үлкен салдарымен күресуді жалғастырып жатыр және біздің сенім телефонымызға жиі жүгінеді. 2019 жылмен салыстырғанда қоңыраулар саны 137% артты. Сондықтан біз барлық Dears-ке бүгінге дейін қажет болған көмек үшін өте ризамыз. Біз Канададағы бірде-бір бала қиын уақытта жалғыз қалмайтынына кепілдік береміз. Сіздің көмегіңіз балалардың өмірін сақтайды! – деді Kids Help Phone командасы.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды