Қазақстандық туроператорлар мемлекеттік тізілімге алынса ғана жұмыс істей алады

Сурет: pixabay
Туризм индустриясы комитеті отандық туроператорларға өз қызметін "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңға сәйкестендіруді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, барлық туроператорлар мемлекеттік тізілімге тіркеуден өтуі тиіс, өйтпеген жағдайда олардың қызметі заңсыз болып табылады.

2022 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша 275 туроператор өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендірді және қызметтің кіші түріне қосымшалар алды. Сонымен қатар, өздерін туроператор ретінде көрсетіп, бірақ туроператорлардың мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген барлық туристік компаниялар қолданыстағы заңнаманы бұзып отырғаны жасырын емес. ҚР Туризм индустриясы комитеті

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметке берілетін лицензия ішкі туризм және шығу туризмі саласында екі кіші түрге бөлінгені белгілі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған ресми деректерді басшылыққа алуды сұраймыз, - дейді комитеттегілер.

Айта кету керек, бұл тізім үнемі жаңартылып отырады, туроператорларға берілген лицензиялар туралы толығырақ ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды