«Мұқағали» фильмі Қазан қаласында өтетін халықаралық кинофестивальге қатысады

Сурет: «Қазақфильм» АҚ
Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі 2022 жылы қыркүйектің 7-і мен 11-і аралығында Қазан қаласында өтетін XVIII Халықаралық мұсылман киносы кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген кинотуынды қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильм Таллиндегі «А» санатындағы 25-Халықаралық «Темные ночи» (PÖFF) кинофестивалі шеңберінде көрсетіліп, экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған. Ал биыл наурыз айында фильм Үндістандағы Халықаралық Керала фестивалі аясында көрсетілген еді.

Татарстанда өтетін Қазан кинофестивалінің іріктеу комиссиясы төрағасы Нина Кочеляеваның айтуынша, биыл байқауға қатысуға бірнеше мемлекеттен өтініштер түскен. Нәтижесінде негізгі толықметражды фильмдер байқауына 10 фильм іріктеліп алынды. Оның ішінде Түркия, Қазақстан, Үндістан, Иран, Бангладеш, Ресей, Мысыр, Шри-Ланка мемлекеттерінің туындылары, сонымен қатар екі ел бірлесіп түсірілген 2 туынды бар.

Айта кетсек, Қазан кинофестивалі аясында кино нарық ұйымдастырылып, дарынды киногерлерге өздерінің жобасын іске асыруға мүмкіндік беретін Халықаралық питчинг (сценарийлер байқауы) өткізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды