Премьера Димаштың YouTube-каналында өтеді.
Zhalyn атты қазақша әнді қазақстандық композитор Еділжан Ғаббасов Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жазған. Композитор Zhalyn әнін Димашпен 2020 жылы кездескен кезде жазған екен.
Өлеңнің әуенін жаза отырып, мен Димашқа әннің үзіндісін көрсеттім, содан кейін ол оған қайырмасын жазды. Осылайша бұл композиция біздің шығармашылық тандемімізде дүниеге келді. Менің ойымша, барлық тыңдарманға бұл туынды ұнайды. Ал біз оларға әрі қарай да көптеген сапалы туындылар сыйлаймыз.Еділжан Ғаббасов
Сонымен қатар композитор Dimashnews.com сайтына берген сұхбатында бұл әнде туған жер, Қазақ елінің рухын көрсеткісі келетінін, сонымен бірге әуенге заманауи үн қосқысы келетінін айтты.
Бала кезімде мен Стиви Уандер, Майкл Джексон және басқа да сапалы музыканы көп тыңдадым. Көбінесе бұл менің жеке шығармаларымды жасау кезінде шабыттың негізгі көзі болып табылады. Zhalyn әні үш бөліктен тұрады және екінші бөлігі маған өте ұнайды, өйткені онда Қазақ рухы бар.Композитор
Композиция мәтінін EL ARNA телеарнасының продюсері, талантты ақын Нұржан Асхатұлы жазған. Нұржан әннің негізгі тақырыбы махаббат екенін айтты. Алайда, махаббаттан басқа, мінез бар. Димаштың өзі Zhalyn тақырыбын таңдап, оның қандай болу керек екенін түсіндірген. Осылайша әуенді қайта-қайта тыңдап, әннің негізгі тақырыбына сүйене отырып, Нұржан мәтінді жазған.
Ақын композиция лирикасында айтқысы келген негізгі ойын бөлісті:
Біреу үшін өзгеру өзін жоғалтумен тең. Егер сіз өзіңізді өзгерткен болсаңыз, онда сіз өзіңізді жоғалтқан болып саналасыз. Сіз өзіңіздің табиғатыңыздан бас тартасыз, мүлдем басқа адам боласыз. Сондықтан біз кез-келген адамды түсінуге және қабылдауға тырысуымыз керек деп санаймын. Ол бізден қаншалықты өзгеше болса да. Бұл - әннің басты идеясы.Нұржан Асхатұлы
Әсерлі композицияға бейнебаянды қазақстандық режиссер Шыңғысхан Тәжікеев MOOD VIDEO жанрында түсірді.