"Құран деп ойлап жүрген". Байтұрсыновтың "Маса" кітабының түпнұсқасы табылды

Сурет: Zakon.kz
Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде ақынның Ахмет Байтұрсынұлының жақында табылған араб әрпімен басылған «Маса» кітабының таныстырылымы өтті.Төте жазумен жазылған кітаптың 93 беті сақталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кітапқа енген шығармалар тізімі де бар. Кітап әбден ескірген, беттері сарғайған. Құнды жәдігер Аққулы ауданы Шақа ауылының тұрғыны Нұрлан Қасымовтың үйінде сақталған. Музейге оның бауыры Талғат Қасымов тапсырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл кітап 90-шы жылдары осы үйге келген екен. Араб жазуымен болғаннан кейін оны Құран кітабы деп ойлап жүрген. Кейін мешітке апарып тапсырмақ болған екен. Мешітте бұл Құран емес деп, қайтарып берген. Одан кейін "Маса" кітабы екені анықталып, музей қорына тапсырылды, - деді музей директоры Ербол Қайыров.

Әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, аудармашы, қоғам қайраткері, ақын Ахмет Байтұрсынұлының бұл жинағына "Ғылым", "Бақ", "Ат", "Данышпан Аликтің ажалы", "Балықшы мен балық", "Жазушының қанағаты", "Жадовскиден" сынды көптеген шығармалары енген.

Кітаптың мұқабасы сақталмаған, сондықтан қай жылы шыққаны белгісіз. Жалпы, төте жазумен "Маса" жинағы 1911 және 1914 жылы Орынбор қаласында жарыққа шыққан.

Музей басшысының айтуынша, биыл жазда арнайы акция жариялап, облыс тұрғындарынан 40-қа жуық жәдігер жиналған. Оның жартысы – ескі қолжазбалар, алтауы – көне кітаптар. Соның ішінде "Маса" кітабы алғашқы болып оқылып, жұртқа жарияланды. Алдағы уақытта басқа да құнды кітаптар оқылып, құпиясы ашылмақ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі