Қамаудағы Төреғали Төрәлі 10 млн теңге кепілақы төлеп, бостандыққа шықты

Сурет: Instagram/toregalitoreali
Гидті ұрды деп айыпталып, қамауға алынған әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Кеген аудандық соты әншіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесін қарады.

ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген Төреғали Әлихановқа қатысты сот қаулысымен 10 000 000 (он миллион) теңге көлемінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Аталған бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі ҚР ҚК мен ҚІЖК-де нақты көрсетілген. Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі

28 қыркүйекте Төреғали Төреәлі Көлсайда гидке қол көтерді деп айыпталды.

30 қыркүйекте Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов Төреғали Төреәлінің уақытша ұстау изоляторына тоғытылғанын мәлімдеді.

Сұрақ-жауап алу кезінде Төреғали Төреәлі жанжал бейнебаян түсіру кезінде орын алғанын айтты. Оның айтуынша, жәбірленуші өзіне қадала қарап, сонысымен жұмысына кедергі келтірген. Осылай өзара басталған жанжалдың соңы әншінің қол көтеруімен тынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз