Көз жасымды сүртіп, өз-өзімді қамшылаймын. Исабекова ана болу қандай екенін айтты

Жақында ғана ана атанған әнші Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында алғашқы әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғаш рет ана атанған шоу-бизнес жұлдызы әлеуметтік желіде бұл ретте қандай қиындықтарға тап болғанын жазып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Өз осалдығыңды мойындау, сөзге қалу немесе үнсіз ғана басыла беру. Осының қайсысын таңдайсыз десе, әрине, мен шындықты қалар едім, әсіресе өз-өзіме қатысты. Әр жерде қадап айтылып жататындай, қандай да бір табиғи бағдарлама іске қосылса да бәрібір ешкім ана болуға дайын болмайды, ол мүмкін емес. Маған бір данагөй: "Ана болуға дайындалуға уақыт болмайды, дегенмен балаңды алғаш қолыңа алғанда, оның іңгәлаган дауысын естігенде, бірден аналық сезім туып, барлығына өздігіңізден дайын боласыз" деп айтқан еді. Бірақ ондайды өз басым көрмедім. Қолына баласын ала салып, болды бітті, мен супермамамын дегенді. Мүмкін ондай жандар сіздің айналыңызда бар шығар?.. Мақпал Исабекова

Сондай-ақ, әнші жазбасында өзінің жанайқайын тек босанып көрген әйелдер ғана түсіне алатынын атап өтеді.

Қандай керемет шыңдалған, саналы адам болсаңыз да бұл - үлкен жұмыс, бұл өсіміңіздің, күрестің, өз қорқынышыңызды еңсерудің жаңа бір деңгейі. Бұл өзіңізді қайта бір жаңа қырынан тану сияқты әрі ашқан осы жаңалығыңызға көңіліңіздің тола бермеуі мүмкін. Барлық сезім жалаңаштанып, айқайлап тұрады, бірақ оған мән беруге мұрша жоқ, барлығына дайын болуыңыз керек, "жапсырмамен" жалғап қойған жеріңіз ашылып та кетуі мүмкін. Бір де бір еркек 24/7 дене мен ақыл-ойдың қосулы болуы қандай болатынын білмейді, оны айтасыз, тіпті кез келген әйелдің өзі бұған шыдас беруге қабілетті емес (айыптай көрмеңіздер). Мен де басында түсінбедім, дәлірек айтсам, өз көз алдыма елестеткендерді ғана түсіндім. Мысалы, қайнаған судан күйік алып көрмеген адам күйіктің қаншалықты ауыр болатынын түсінбейді ғой, ана болуға қатысты да тура солай. Әрине, бұл мысалым дөрекілеу көрінер, бірақ түпкі мағынасы түсінікті болды деп ойлаймын. Мақспал Исабекова

Ол өз жазбасын "қысылып қалған ішкі эмоциялардан босағысы келетінін" айтады.

Көмек сұрау - ыңғайсыз, өзіңнің "супер еместігіңді" мойындаған сияқты. Тағы бір жағынан, ешкім міндетті емес сізге, өз балаң ба өзің бақ, сенің проблемаң дегендей. "Сен әйелсің, мықтысың, бақытты анасың, жинал тез!" деп көзімдегі жасты сүртіп, өз-өзімді қамшылаймын. Құдайға шүкір, жылағанымды балам түсіне қоймайды, бірақ іштей біреңені сезетініне сенімдімін. "Өзім білемін" деген кейіп танытып, өз-өзімді қашанға дейін жинай аламын?.. Өз-өзіммен болған бұл диалогты оқып отырған біреу бетін тыжырайтып: "Бос қиял" деп мырс етер. Бірақ мен бұл қаріпті өзгелер үшін емес, өзім үшін түсіріп отырмын. Онда да қысылып қалған іштегі эмоцияларды шығару үшін, деп жазады әнші.
Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: