Алматыда "Қазақстан аруы - 2022" байқауының жеңімпазы анықталды

Сурет: Instagram/missqazaqstan.official
Бас жүлдеге 24 жастағы Астана аруы Томирис Кәрімова ие болды. Томирис енді "Әлем аруы" халықаралық байқауында Қазақстан атынан бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқаудың ақтық сынында 23 қыз өзара таласқа түсті. Бірінші кезеңде қазылар алқасы 12, одан кейін үздік бес қатысушыны іріктеп, таңдады.

  1. Бесеудің ішінде Томирис Кәрімова "Әлем аруы" байқауына жолдама алып, 5 млн теңгенің чегін иеленді.

  2. 19 жастағы алматылық Диана Тәшімбаева "Қазақстан Дүниежүзі аруы" тәжін иеленіп, "Дүниежүзі аруы" байқауына жолдама алды.

  3. "Қазақстан Жер жүзі аруы" атағы мен "Жер жүзі аруы" байқауына жолдама 19 жастағы алматылық Дильназ Тилаеваға бұйырды.

  4. 19 жастағы Томирис Заир "Қазақстан вице-аруы - 2022" атанды.

  5. 18 жастағы семейлік Алтынұя Ғазизова көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді.

Соңғы кезең бірнеше сайыстан тұрды. Байқауға қатысушылар жекелей және топпен сахнадан жүріп өтіп, содан кейін сұрақтарға жауап берді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды