Баян Мақсатқызының "Бақыт" фильмі "Алтын глобустың" марапаттар тізіміне енді

Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy
Сүйінші хабарды "Бақыт" фильмінің продюсері Баян Мақсатқызы мен фильмнің сценариін жазған Әсем Жәпішева бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сүйінші! Біздің фильм "Алтын глобус" марапаттар тізіміне енді. Жобаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын және ризамын. Тамаша команда мен фильмнің фестивальдерге қатысып жүргені үшін ғана емес, сонымен қатар туынды тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы өте маңызды тақырыпты көтергені үшін ризамын", - деп жазды Әсем Жәпішева.

Продюсер Баян Мақсатқызы да "Бақыт" фильмі туралы Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Бұған дейін продюсер Үндістандағы фестивальде жүргені туралы жазған еді.

"Биыл біздің "Бақыт" фильміміз 15 халықаралық кинофестивальге қатысты, GOA-дағы фестиваль - он алтыншысы. Біздің қоржынымызда жеті үлкен марапат бар. Оның бастысы - БЕРЛИНАЛда алғанымыз. Алда үлкен жол тұр. Қазақстанда фильмді прокатқа шығарамыз және Асқармен әйел тағдыры туралы екінші фильмге кірісеміз", - деп жазды Баян Мақсатқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

"Бақыт" - режиссер Асқар Ұзабаевтың әйел тағдыры туралы фильмі. Продюсері - Баян Мақсатқызы. Сценариін жазған - Әсем Жәпішева. Фильм Қазақстанда әлі прокатқа шыққан жоқ. Дегенмен түрлі фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды