"Аватар: Су жолы" фильмінің қазақша дубляжына 18 мыңнан аса адам барған

Cурет: wikipedia
Атақты "Аватар: Су жолы" фильмі Қазақстан кинотеатрларында қазақша көрсетіліп жатыр. Бірақ қазақша нұсқасына барған көрермен саны орысшасымен салыстырғанда әлдеқайда төмен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqgrammar Instagram-паблигінің дерегінше, бүгінде  "Аватар: Су жолы" фильмінің қазақшасына 18 121 адам, ал орысша дубляжына 500 654 адам барған. Бұл - фильм көрсетіле бастағандағы алғашқы аптаның нәтижесі. 

"Байқағаныңыздай, қазақша мен орысша дубляж сандарының арасы жер мен көктей. Мұның өзі сіз бен біздің белсенді үгітіміздің арқасында ғана болып отыр. Ал оған дейінгі қазақшаға дубляждалған фильмдердің нәтижесі мүлдем нашар болған-ау... Фильм дистрибьюторы осындай көрсеткіштердің өзіне қуанып отыр. Осыған қарап енді кинотеатрлар, министрлік боп бәрі бірлесіп қазақша дубляжға қатысты түйін шығарып, оң өзгерістер жасайды деп үміттенейік", - деп жазды Qazaqgrammar Instagram-паблигі.


Еске сала кетейік, желі қолданушылары премьера күні Астанадағы кинотеатрларда 157 сеанстың 9-ы ғана қазақша екенін айтып, наразылық білдірген еді. Олардың сөзінше, фильмнің қазақша нұсқасы көбіне күндізгі уақытқа қойылған, ал кешке өте аз.

"Аватар: Су жолы" - 2022 жылғы америкалық эпикалық ғылыми-фантастикалық жанрындағы фильм. Фильм премьерасы 6 желтоқсанда Лондонда, ал 16 желтоқсанда АҚШ-та көрсетілді. Ал Қазақстандағы премьерасы 15 желтоқсанда болды. 

Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен дубляждалған. Дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев. Фильмді дыбыстауға 35 дубляж актеры еңбектенген. Бас кейіпкер Джейк Саллиді актер Қобыланды Болат, ал Зои Салдананы Шехназ Қызықанова дыбыстаған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты