Димаш Құдайберген жаңалығымен бөлісті

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген 9 сәуір күні жаңа бейнебаян шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"9 сәуір күні Астана уақытымен сағат 12:00-де менің YouTube арнамнан Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің 1-курс студенті, 16 жастағы інім Әбілмансұрдың шығармасына түсірілген жаңа бейнебаянды көре аласыздар", - деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Әңгіме "Together" әніне түсірілген бейнебаян туралы. Бұған дейін Димаш, Раушан, Мансұр Құдайбергеновтер бірлесіп ән орындайтынын хабарлаған едік. Ағайындылар жаңа әнге бейнебаян түсіріп жатқан еді. Енді сол бейнебаян 9 cәуір күні жарық көрмек.

"Together" маған алғашқы секундтардан-ақ әсер еткен еді. Біз оны толық әнге айналдырғанымызға қуаныштымын! Димаш Құдайберген

Әнші бейнебаянға қарындасы Раушан да түскенін еске салды. 

"Бірге түскеніміз бұл жұмысты одан сайын ерекше етеді. Біз бәріміз бір-біріміздің бейнемізбіз және өмір жолындағы қиындықтарды бірге жеңіп, жаңа ғаламдарды бағындыруымыз керек екенін айтқымыз келеді! Көріңіздер, достар!"Димаш Құдайберген



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды