Қазақстандық анимациялық фильм Испанияда өткен кинофестивальде топ жарды

Сурет: "Бесік жыры" анимациялық фильмінен үзінді
"Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде 1500 үміткердің ішінде ең үздігі ретінде танылды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан "Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі "Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм" жүлдесін жеңіп алды.

Сурет: ҚР Мәдениент және спорт министрлігі

"MADFA Madrid Film Awards – 2023 20-шы халықаралық байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылды".ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Р Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов "Қазақстандық анимациялық фильмнің беделді халықаралық байқаудың бас жүлдесін иеленгені – отандық анимация саласының оң бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші деп санауға болатынын" атап өтті.

"Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға дейін жалпы прокаттағы қазақстандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін жыл сайын кемінде 10 анимациялық жоба жасалатын болады. Өткен жылы елімізде алғаш рет «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Аталған ұйым отандық анимация мамандарының шеберлігін шыңдап, анимациялық жобаларды шығаруға қолдау көрсетеді". ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов

Мадрид киножүлдесі MADFA (MFA) IMDb ресми конкурсына кіреді. Фестиваль жыл сайын өз алаңында әлемнің ең үздік туындылары мен талантты режиссерлердің басын қосады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді