"Туынды менің өмірім жайында": Димаш туған күнінде жаңа бейнебаян шығармақ

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Бұл туралы әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әннің әнін де, сөзін де Димаш өзі жазған. Туындының бейнебаяны да дайын.

"Өмір - ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарманы ұсынамын", - деп жазды Димаш.

Әншінің сөзінше, туынды өзінің өмірі жайында. Тизерден байқасақ, туынды "Өмір" деп аталады.

"Өмір… Сахна… 24 мамырда менің YouTube арнамда жаңа бейнебаянымның тұсаукесерінен қапы қалмаңыз".Димаш Құдайберген


АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді