"Әлемді аузына қаратты: Димаштың малайзиялық жанкүйерлерінің әрекеті жұртты сүйсіндірді

Сурет: Zakon.kz
Димаш Құдайберген Малайзияға барды. Әнші онда концерт бермек. Сүйікті Димашын күтіп алуға жанкүйерлер көп жиналған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Малайзияға келдім. Ертең концертте кездескенше. Қолдауыңызға рақмет", - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасына.

Димаш Малайзия әуежайында түсірілген видеоны бөлісті. Онда әншінің жанкүйерлері жиналып, сүйікті әншісін қарсы алып, шулап, сыйлық беріп жатыр.


Малайзия халқының мұндай қошеметін көрген желі қолданушылары таңданысын жасырмады.

Сонымен қатар Димаш Құдайберген малайзиялық жанкүйерлерінің ұйымдастыруымен балалар ауруханасына барған.

"Кеше Малайзияға келгеннен кейін біз бірінші кезекте балалар ауруханасына бардық. Концерт алдында dears қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мен оларға тәнтімін", - деп жазды ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды