Төреғали Төреәлінің Астанада 8 шілдеге жоспарланған концерті өтпейтін болды

23 маусым күні Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның елордада 8 шілдеге жоспарланған концерті өтпейтіні белгілі болды. Zakon.kz тілшісіне концерт ұйымдастырушысы мән-жайды түсіндіріп берді.

8 шілдеде елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония залынжа Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның мерекелік концерті өтуі керек еді. Алайда филармонияның баспасөз қызметі бүгін БАҚ өкілдеріне концерт болмайтынын хабарлады.

Концерт ұйымдастырушысы бұл ақпаратты растады:

"Иә,Төреғалидің басындағы қазіргі жағдайларға байланысты 8 шілдеге жоспарланған концерт өтпейтін болды." 

Оның айтуынша, билеттер де көп сатыла қоймаған.

"200 билет онлайн сатылған. Оның ақысы автоматты түрде бірден қайтарылады және билетті сатып алған адамдарға ескерту жіберіледі. Оның бәрін Ticketon жасайды", – деді концерт ұйымдастырушысы Әділ есімді азамат.

Алматы қаласының полицейлері Төреғали Төреәліні 14 маусым күні ұстады. Сол күні полиция Төреғали Төрәліні ұстау сәтінің толық видеосын жариялады.


Әншінің адвокаттары Төреғалидің арақ пен есірткі қолданбағанын дәлелдеп, әншіні ұрып-соқты деген полицейлерді де жазаға тартуды талап ететінін мәлімдеді.

16 маусым күні Төреғали Төреәлінің үстінен билік өкілдерін қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

21 маусым күні әншінің полицияның заңды талабын орындамағаны үшін оған тағы үш тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындалғаны мәлім болды. 




Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: